Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта іске қосылды

фото ШӨКҚ
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Теміржол вокзалы алаңындағы айналма жолдың ортасында биік тұғырда орнатылған төрт бағытқа бағдарланған қоғамдық сағат қайта іске қосылды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мегаполистің көрнекті нысандарының біріне айналған бұл архитектуралық элемент қайта жанданды. Сағат механизмін қалпына келтіру жұмыстары демеушілердің қолдауымен, бюджет қаражатынан тыс жүзеге асырылды. Жөндеу барысында швейцариялық «Hublot» маркасының сапалы қосалқы бөлшектері қолданылды.
Айта кету керек, бұл нысан — Шымкент қаласындағы жалғыз қоғамдық сағат ретінде де ерекшеленеді. Ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін бағыт-бағдар беріп қана қоймай, эстетикалық мәнге де ие.