Теміржол вокзалы алдындағы сағат жөнделді

182

Шымкенттегі теміржол воказылының алдындағы сағат кезекті рет жөнделді. Дәл қазір оңтүстік, теріскей, батыс, шығыс бағытындағы төрт сағат бір уақытты көрсетіп тұр. Ал орталық диспетчерлік қызметіндегілер нысан үнемі бақылауда болады деп сендірді.

Тамыздың екінші онкүндігінің бастауын тұрғындар мен қонақтар есінде ұзақ сақтаса керек. Себебі теміржол вокзалының алдындағы сағаттар жөнделді. Енді олар нақты уақытты көрсетеді. Төрт бағыт бойынша орнатылған сағаттардың түрлі уақытты көрсеткені, не мүлдем істен шыққаны дұрыс емес еді, – дейді жолушылар.
Василий Носулько, Шымкент қаласының тұрғыны: «Сағаттар  енді тоқтамайды деп үміттенеміз. Біздің басшылыққа айтқым келеді, жауаптылардан тек сағатты ғана емес , қаланы да бақылауды сұрау керек. Шаһарға қонаққа келгендер тамсанып  жүру керек біздің қаламыздың сұлулығына».

Қалаға келген жолаушы бірінші сағатқа қарайды ғой неше болды деп сонда ол үнемі тоқтап тұрса дұрыс емес,- дейді  Жетысай қаласының тұрғыны Ханшайым Мамытова.

Сағаттары бар нысанды қалаға демеушілер сыйға тартқан. 12 жыл ішінде сағат бірнеше рет бұзылыпты. Диаметрі екі метр болатын төрт сағат Ресейден сатып алынған. Бұзылған жағдайда көрші мемлекеттегі өндірушіден қосалқы бөлшектерге үнемі тапсырыс беріліпті. Өткен жазда сағат тағы да тоқтаған кезде қала билігі оны Шымкент логотипімен жабуға мәжбүр болған.

«Сағаттың механизміндегі процессордың бір бөлшегі бұзылды. Ресейге тапсырыс бердік. Күтіп жатырмыз»,-дейді  Шымкент қаласы жолаушылар тасымалы және  автомобиль жолдары басқармасының  өкілі Мұхтар Қоқанбаев.,/ авт.2021 жыл, маусым/

Міне, тағы бір жылдан кейін жазда дәл сол оқиға тағы қайталанды. Нысанға ЖТ және АЖ басқармасының жанындағы Орталық диспетчерлік қызметі жауапты. Басшы болса, қол қусырып отырмай, мәселені шешу мақсатында , қосалқы бөлшектерді іздегенін айтады
Дархан Қуанышбеков,  Шымкент қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына қарасты орталық диспетчерлік қызметінің басшысы: «Сағатты күрделі жөндеуден өткіздік. Жетпейтін  бөлшегін Ресейден алдырттық. Енді біздің  қадағалауымызда болады»

Теміржол воказалы алдындағы жиі тоқтап қалатын сағат мегаполис тұрғындарын да, қонақтарды да бей-жай қалдырмады.Сондықтан нысан туралы қандай да бір ақпарат жарияланса, ескертулері мен ұсыныстарын сол арада әлеуметтік желі арқылы жеткізіп отырды.

Дархан Қуанышбеков, Шымкент қаласы ЖТ және АЖ орталық диспетчерлік қызметінің басшысы: «Әлеуметтік желіде  сағаттарды жөндеу  барысы  қызу талқылауда. Барлығы  бюджеттік ақша барлық уақытта жұмсалады дейді. Қазынадан бірде-бір тиын жұмсалмады деп мәлімдеймін. Барлық жөндеу жұмыстары  демеушілердің есебінен жүргізілді».

Шымқаланы ардақтайтын қала тұрғындары оның аумағында бой көтерген нысандар сапалы болғанын қалайды

Шынар Оразова