Шымкентте жыл басынан бері 2600 жол белгісі орнатылды. Барлығы 2600 жол белгісі мен 350 шақырым жол таңбалары жаңартылды.
Қажеттілігі бар аумақтарға 8 бағдаршам қойылып, қосымша 32 бағдаршам орнатылатын болады. Жыл соңына дейін тағы 3400 дана жол белгісін орнату жоспарлануда.
Қалада бүгінде 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 574 метр жасанды жол кедергілері орнатылды.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалы жол белгілерінің жарық қайтару қабілетін тексерді. Нәтижесінде іріктемелі сараптамадан өткен 213 жол белгісінің 95%-ы талапқа сай болып шықты.
Бұл жөнінде «Ұлттық сапа орталығы» Шымкент қалалық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасына және Шымкент қаласының Полиция департаментіне ресми хат жолдады.