Мопед мінген мас атай құрыққа ілікті

фото ТОПД
Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды. Алайда ер адам полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетуге әрекеттенді. Жүргізушінің бұл әрекеті жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірді.
▫️Нәтижесінде ол полициядан қашып бара жатып, қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысты. Алайда адам шығыны жоқ. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жүргізушінің спирттік ішімдік ішкенін анықтады. Медициналық қорытынды бойынша жасы 60-қа жуықтаған ер адамның мас күйде мопед басқарғаны расталды.
Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, азамат заң талаптарын елемей, көлік басқаруды жалғастырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
❕