Úı ANONS Мопед, скутер, электросамокаттар айыптұраққа қойылды

Мопед, скутер, электросамокаттар айыптұраққа қойылды

фото ТОПД
Мақтаарал ауданы аумағында қылмыспен құқықбұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Бір нүктелік» шарасы ұйымдастырылды. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен саптық жиын өткізіліп, бөлім бастығы полиция подполковнигі Ердаулет Амантаев қызметкерлеріне жұмыс барысында заңдық талаптарды сақтауды және азаматтармен ілтипатты қарым-қатынаста болуды қатаң түрде ескертті.
Тәртіп сақшыларымен іс-шара барысында, «Қарасора», «Учаске» және «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шараларына және «Таза Қазақстан» экоакциясына еркеше назар аударылды. Әсіресе учаскелік полиция инспекторларымен интернет-алаяқтықтан қорғау және халықтың сауаттылығын арттыру бойынша жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ, есептегі тұлғалардың өмір сүру жағдайлары мен қоғамға қауіптілік дəрежесін анықтауға аса мән беріліп, есепте тұрған 200-ге жуық тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді. Өз кезегінде аудандағы құрылыс объектілері, базарлар, техникалық қызмет көрсету және шаруа қожалықтарға тексеру жүргізілді.
▫️Одан бөлек, мотоцикл, мопед, скутер, электросамокат және т.б. басқаратын жүргізушілерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 100-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, көлік құралдары айыптұраққа қойылды.