Úı ANONS Көпқабатты үйдің 12 этажында дрифт жасаған азамат ұсталды

Көпқабатты үйдің 12 этажында дрифт жасаған азамат ұсталды

фотот ШӨКҚ
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында адамдар өміріне қауіп төндіре отырып қоғамдық тәртіпті бұзған жігіттің видеосы анықталды. Ол Абай ауданы Шымсити қалашығындағы «Атлант» көп қабатты тұрғын үй кешені құрылысының шатырында мемлекеттік тіркеу нөмірі 820 AKL 02 Aston Martin автокөлігін шиырлатып айналдырған.
Тексеру барысында Алматы облысы Талғар ауданында тұратын, 23 жастағы К.Д. есімді азамат ұсталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық ісі бойынша материалдар жинақталып, өзі 10 тәулікке қамауға алынды.
Осыған орай азаматтарға заң талаптарын сақтап, тәртіп бұзбауды ескертеміз. Құқық бұзудың соңы жазалауға алып келеді.