2025 жылғы 18 қараша күні Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату, тұрақты және уақытша жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыру. Жәрмеңкеге қаланың түрлі саладағы кәсіпорындары мен мекемелері қатысып, қолда бар вакансияларын ұсынады.
Жұмыс іздеушілерге кәсіби кеңес беру, түйіндеме дайындауға бағыттау және бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат беру қарастырылған.
Барша қызығушылық танытқан азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз.







