Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Өзбекстаннан қасиетті Мекке қаласына жаяу сапар шегіп бара жатқан азаматты жолықтырды. Ұзақ жолға шыққан жолаушыға қажетті азық-түлік пен жолға керек-жарақтар табыстап, ақ жол тіледі.
Бұл оқиға халқымыздың қонақжайлығы мен бауырмалдығын, адамға деген жанашырлық пен мейірімділіктің биік үлгісін көрсетті. Қиын сәтте қолдау білдіріп, сапардағы жанға демеу болу – ұлттық құндылықтарымыздың айқын көрінісі.
Жолаушыға сәтті сапар тілейміз!

