Француздар күнгейліктердің қонақжайлылығына таң қалды

256

Франциялық Брайнт отбасы Қазақстанға алғашқы рет келіп отыр. Олар полицейлердің қонақжайлылығы мен қонақтарға деген ерекше ықыласына таң қалды, өйткені, полицейлер көліктеріне қауіпсіз тұрақ тауып беріп қана қоймай, оларға қаланың көрікті жерлерін аралатты.

Қонақтардың қасында ағылшын тілін жетік меңгерген Шымкент қ. ПД-нің полиция аға лейтенанты Төлеген Боранбаев аудармашы-гид болып жүрді.

Сондай-ақ, туристерді қаланың бас полицейі Ералы Жұмаханбетов өзі қарсы алып, Шымкентке 2020 жылы ТМД мәдени астанасын атап өтуіне орай тағы да қонақ болуға шақырып, оларға сәттілік тіледі.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі