Түркістанға үш айда 900-ге жуық шетелдік турист келген

54

Түркістан қаласына жыл басынан бері 130 503 турист келген. Оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.

Бүгінде шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған дейді қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Алпысбайұлы. Биылғы жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны – 57 бірлікті құраған.

Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды қонақ үй мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріледі деген жоспар бар.