Қазақстанға биылғы миллионыншы турист келді

23
туризм

Миллионыншы турист eQonaq ақпараттық жүйесінде тіркелді. Kazakh Tourism баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қытайдан келген турист Алматыға 4 күнге келіп, Rahat Palace Hotel қонақ үйінде аялдапты. Жалпы Қытай елінен келген қонақтар барлық шетелдік қонақтар арасында үшінші орында.

Жыл басынан бері eQonaq-та Қытайдан 70 мыңнан астам турист тіркелді. Бірінші және екінші орында Ресей мен Өзбекстаннан келген туристер орналасқан. Үздік 10 елге Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Германия, Моңғолия және АҚШ туристері кіреді.Kazakh Tourism Туризм және спорт, Ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп әзірлеген eQonaq ақпараттық жүйесі шетелдік қонақтарды есепке алуға және туристік ағымның мониторингіне арналған. Жүйе көші-қонды бақылау міндетін де орындайды.