Шымкентте бес көлік бірден соқтығысты

84

Тағы бір жол көлік оқиғасы Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында орын алды. Мұнда 5 көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі. Оқиғаның мән-жайын анықтаушылар зерделеп жатыр.