Мектеп үздіктері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қалаға саяхат жасады

Мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қалаға саяхат жасады

Облыс атынан Елбасы шыршасына қатысқан 200 үздік оқушы қаланың көрікті жерлерін аралады. Туризм станциясы ұйымдастырған саяхатты жеткіншектер Тәуелсіздік саябағынан бастады. Бүгінде шаһардың ең көрікті жеріне айналған орында шәкірттер ел егемендігінің шежіресімен танысты. Сондай-ақ, жолбастаушылар балаларды Бәйдібек би ескерткішіне апарып, тарих қойнауынан сыр шертетін бейнемен тыныстырды.

Мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қалаға саяхат жасады
Мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қалаға саяхат жасады

Елеуов Мадияр, облыстық жас саяхатшылар станциясының бөлім меңгерушісі: «Бұл балалар – Елбасы шыршасына қатысып келген мектеп үздіктері. Оларға жол көрсетіп жүрген 4 маман қала тарихын бес саусағындай біледі.  Олар оқушыларға көріністерді бала тілімен түсіндіруге тырысып жүр.»

Сондай-ақ, мамандар балалардың көңілін көтеру үшін зообаққа апарып, барлығы сондағы Қызыл кітапқа енген аң-кұстарды тамашалады. Көпшілігі бұған дейін тек теледидардан ғана көріп жүрген жануарлардың көз алдында тұрғаны балаларға ерекше сезім сыйлады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OBjSZhH76VI[/youtube]

Диана Жұмашева, Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Бүгін жақсы оқитын басқа да балалармен танысып жатырмыз. Күніміз өте қызықты өтуде. Бәріміздің басымызды қосқаны үшін үлкендерге рахмет айтамыз!»

Жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар келесі жылы да жақсы оқуға барын салатындарын айтып, сынып жетекшілерін де қуантты.