Бәйдібек би ескерткішіне көлікпен шыққан жігіт ұсталды

1248
Әлімхан Сапарәлі

Шымкенттегі ең биік Бәйдібек би ескерткішін бүлдірген азамат қолға түсті. Күдікті ескерткіш кешеніндегі баспалдақтарды көлігімен басып өткен. Соның салдарынан мәрмар тақталар бүлінді. Енді мемлекеттік мүлікті бүлдірген азамат заң алдында жауап береді.

Бәйдібек ата ескерткіші ашылды
Бәйдібек би ескерткіші

Бәйдібек би ескерткішіне аяқпен емес, көлікпен шықпақ болған 23 жасар күдікті қазір тәртіп сақшыларының алдында. Қолға түскен жігіттің айтуынша, оқиға шілденің 22-інен 23-не қараған түні, сағат 01 шамасында болыпты. Мұнда ол достарының тойына қатысу үшін келген. Қызуқандылыққа салынып, ескерткіш маңайын «Ленд крузер 200» автокөлігімен аралаған.

Әлімхан Сапарәлі
Әлімхан Сапарәлі

Әлімхан Сапарәлі, күдікті: «Қазір істеген әрекеттерімді мойындаймын, өз кінәмді білемін. Енді мұндай қадамға бармауға уәде беремін. Қызығушылықпен, балалықпен, мақтанышпен жасап қойдым осылай. Қазір мұным үшін қатты өкінемін».

Осылайша ойынның соңы от болды. Жүгенсіздіктің салдарынан кешендегі баспалдақтың 11 мәрмар тақтасы қирап қалды. Ал тәртіп сақшылары әзірге жоғары білімі жоқ, жұмыссыз шымкенттік тұрғын енді заң алдында жауапқа тартылады деп кесіп айтты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=65tlzRkjItw[/youtube]

Асылхан Қалаубаев, Шымкент қалалық ІІБ Қаратау полиция бөлімінің бастығы: «Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл тергеу амалдарын аяқтап, сотқа жолдап, сот өз шешімін шығарады деген сенімдеміз. Жазаның қолданылуына тоқталсақ, қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, 2000 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.»

баспалдақтың 11 тақтайшасы бүлінген

қазір бүлінген зат жаңаланған
Қазір бүлінген зат жаңаланған
Енді кешеннің аумағына бейнебақылау қондырғылары орнатылады
Енді кешеннің аумағына бейнебақылау қондырғылары орнатылады

Облыс орталығындағы аты – аңыз, сөзі өсиет болған баба ескерткішін айдың-күннің аманында аяусыз бүлдірген жігітке аға буынның өкпесі қара қазандай. Осыдан 3 жыл бұрын өздері бас болып марқая, мақтана ашқан Бәйдібек би ескерткішінің маңын тұрындар аббатандырудың орнына бүлдіреді деп күтпесе керек. Ал бұл сорақылықтан хабардар болған облыс әкімі енді кешеннің маңына бейнебақылау қондырғылары орнатылады деп мәлімдеді.