Оқушылар екі күн әкім болды

1191

Шымкенттің 18 үздік оқушысы бір күн бойы қала әкімі мен оның орынбасарлары, тіпті депутаттардың қызметін атқарды. «Жас мемлекеттік қызметкер» немесе «Көлеңке күні» жобасы жас толқынды мемлекеттік қызметкерлердің жұмысымен жақын таныстырады. Мамандық таңдауына көмектесуді көздейді.

ла басшысы Нұрлан Сауранбаевпен кездесті. Оқушылардан болашақ мамандықтары жайлы сұрап білген әкім әрқайсысына әкімдіктен жетекші бекітті. Жас-тар екі күн бойына қаланың бас ұстазы, сәулетшілері, салық қызметкерлері, қала басшысы және т.б. қызметкерлердің күн тәртібімен танысты. Жұмыстарына тікелей араласты. Екінші күні жаңа әкім Ғазиза Ғаниқызының алдында есеп берді.
Ғазиза ҒАНИҚЫЗЫ, оқушы-қала әкімі:
– Маған жоба барысында қала әкімнің міндеті жүктелді. Бұрын «ең оңай жұмыс әкімдікі» деп ойлайтын едім. Бірақ ондай емес екен. Таңғы сағат 6-дан жұмысқа келу керек екенін естігенде аузым ашылып, таңданып қалдым. Кішкентайымнан халыққа жақын адам болуды армандағандықтан, болашақта әкім болып қалуым әбден мүмкін. Сондықтан осы екі күн мен үшін үлкен тәжірибе болды

Арман ҚҰЛНИЯЗ, оқушы-білім бөлімінің басшысы:
– Өз қалауыммен қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның жетекшілігіне жазылдым. Ол кісімен бірге балабақшаларды, мектептерді араладық. Байқағаным – қаламызда мектеп жетіспеушілігі мәселесі бар екен. Маған қатты ұнағаны – білім бөлімі ұстаздарды жұмысқа онлайн қабылдайтыны болды. Бұл жемқорлықты азайтады.

Әлия Әділбек