Біржан ерледі – оңтүстік қоржыны тағы бір лицензиямен толықты

217
Біржан - Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Шымкенттіктер Лоyдон Олимпиадасына тағы бір жолдама жеңіп алды. Бокстан Астанада өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу сынының финалдық кездесулері басталды. 49 келі салмақта Біржан Жақыпов жапондық Науоя Инауомен жұдырықтасып, 16:12 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, енді Ұлыбританияның төрінде шымкенттік Біржан да ептілігін сынға салатын болады.

Алғашқы кездесуінде Біржан Пәкістан боксшысын ойсырата жеңіп, енді сәуірдің 11-күні жартылай финалда Захид Заировпен кездесіп, қарсыласынан бұл жолы да басым болды.