Есеп комитеті Токио Олимпиадасына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізіп жатыр

57

Есеп комитеті Токио Олимпиадасына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізіп жатыр. Президент тапсырмасымен Олимпиада ойындарына дайындық үшін берілген ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалғаны анықталмақ.

Мемлекеттік бюджеттен Ұлттық олимпиада комитетіне 15 млрд. 6 млн. теңге бөлінгенін еске салайық. Токио-2020-ға Қазақстаннан 93 спортшы барып, 8 қола медаль алған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың бұл нәтижесі Қазақстанның спорттағы әлеуеті мен мемлекеттің бөлген қомақты қаражатына сай келмейтінін мәлімдеген болатын.

Шынар Оразова