Базарларда өрт қауіпсіздігін сақтау жаттығулары өткізілмек

427

Шымкент қаласындағы барлық базарларда өрт қауіпсіздігін сақтау оқу жаттығулары өткізілетін болды. Қала әкімі Қайрат Құсейінұлы Молдасейітов қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшылығына осылай деп тасырма берді.

«Қаланың барлық базары мен сауда орындарында бір айдың ішінде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін бір айдың ішінде көрсетіңіздер маған. Қаланың аудандарының әкімдерінде жұмылдырыңыздар керек болса. Тек адамның көп шоғырланатын жері базарлардағы өрт қауіпсіздігін анықтау керек. Қай базарға өртсөндіру машиналары бара алады, қай сауда орындарында мұндай мүмкіндік жоқ. Мұның бәрі маңызды екенін ұмытпаңыздар.»-деді қала әкімі Қайрат Құсейінұлы.

Естеріңізде болса, өткен жылы Шымкент қаласындағы «Самал» базарындағы өрт оқиғасы орын алған болатын. Тілсіз жаудың кесірінен талай азамат материалдық шығынға батып, талай сарсаңға салғаны белгілі. Сондықтан да бұл шараның берері мол екені даусыз. Әрине, өз кезегінде дұрыс орындалса.