Шымкентте шаңқай түсте оқ атылды

255
Оқиға орнына полицейлер келді

 

Оқиға орнына полицейлер келді
Оқиға орнына полицейлер келді

Бүгін Шымкенттің қақ ортасында шаңқай түсте оқ атылды. Бұл оқиға күндізгі сағат 2-лер шамасында, Байтұрсынов және Төреқұлов көшелерінің қиылысында орын алды. Осы көше қиылысына ВАЗ және Нексия көліктері сыймай қалған.

Жүргізушілер мәселені жай сөзбен шеше алмаған секілді. Екеуі жаға ұстасып қалады. Оның соңы қару кезенуге ұласыпты.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, Нексия көлігінің жүргізушісі ВАЗ көлігінің иесін жарақат салатын тапаншамен атып жіберген. Содан кейін өзі оқиға орнынан ізін суытыпты. Ал ВАЗ көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Шұғыл хабар алған Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп жетті. Енді оқ атқан азамат іздестірілу үстінде. Оны анықтауға тәртіп сақшыларына сол маңдағы шұғыл басқару орталығының бейнекамерасының жазбалары кәдеге жарауы мүмкін.