Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

35

Түркістан облысының полицейлер Келес ауданы елді мекендерінің бірінде бірнеше автокөліктердің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты.

Осы бойынша бірден іске кіріскен Келес АПБ қызметкерлері «Тойота Лэнд Крузер», «Тойота Камри» және «Лада Приора» маркалы 3 автокөліктің жүргізушілерін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Жол қозғалысы ережесін бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау», ҚР ӘҚБтК-нің 595-бөлігі «Маневр жасау қағидаларын бұзу» және ҚР ӘҚБтК-нің 615-бөлігі «Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қозғалыс қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды.