Түркістандық полицейлер жүргізушілерге жаңа жылдық сыйлық таратты

26

Түркістан облысы аумағында 2024 жылдың 1 қаңтарында трассаларда тұман түсуіне байланысты патрульдік полицейлер ерекше ескертуі бар рейд жүргізді.

Яғни жаңа жылдық сыйлықтарын алып, жүргізушісі әйел және жолаушысы қария мен балалар болған көліктерді тоқтатып, сый-сияпат ұсынды.
Сонымен қатар жол ережесін сақтап, автокөлікті мұқият жүргізуді, жылдамдықты асырмауды ескертті. Айта кетейік Түркістан облысының полицейлері мерекеге байланысты қаңтардың ортасына дейін күшейтілген күн тәртібінде қызмет етеді.