Қарт кісі жардан құлап, қаза тапқан (видео)

487
Құтқарушылар дайындалып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында қайғылы жағдай орын алды. Мәдени ауылының қарт тұрғыны жардан құлап, мерт болған. Жасы 70-тен асқан кісі мал бағып жүріп, тереңдігі 50 метрден асатын тік құзға құлап кетіпті. Сол күні үйіне оралмаған қарияны туыстары түні бойы іздеген. Дегенмен, таба алмайды.

Арада бірнеше күн өткенде сол ауылдың екі тұрғыны терең сайды аралап жүріп, белгісіз бір кісінің мәйітін көреді. Содан кейін дереу полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға хабар берген. Оқиға орнына Шымкенттен апатты-құтқару жасағының мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлері аттанады.

Құтқарушылар дайындалып жатыр
Құтқарушылар дайындалып жатыр

Құтқарушылар альпинистік құрал-сайманның көмегімен сайдың түбіне түсіп, денені алып шықты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fn6u70L5Tl4[/youtube]

Өкінішке орай, ол – бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен қарт кісі болып шықты. Марқұм терең құздың түбіне құлап, алған жарақатынан мерт болған секілді. Оның қалайша төменге құлап кеткені белгісіз. Қазір өлімнің себеп-салдарынан полиция қызметкерлері анықтап жатыр.