Шымкентте 6 жасар баланың қолы жылу батареясының арасына қысылып қалды

288

Шымкентте ойнап жүрген 6 жасар баланың қолы үйдегі жылу батареясының арасына  қысылып қалды. Оқиға бүгін күндізгі сағат 12-лер шамасында Қазыбек би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің  біріндегі пәтерде болған.

Бұл туралы құтқарушыларға сағат 12:07-де  хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдардың көмегімен баланың қолын батареядан шығарып берді.

Осы ретте төтеншеліктер тұрғындардан балаларын қараусыз қалдырмауды және мұқият болуды сұрайды.

(Фото: Шымкент қ. ТЖД)