Облыс әкімі «Ордабасы» футболшыларына сәттілік тіледі

329

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов жергілікті «Ордабасы» клубының футболшыларымен және команда басшылығымен алдағы жауапты ойын алдында арнайы кездесіп, сәттілік тіледі.

Еске сала кетсек, «Ордабасы» сағат 18.00-де Қажымұқан атындағы орталық стадионда Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында Израильдің «Бейтар» командасын қабылдайды.

007

Кешке өтетін кездесуге міндетті түрде уақыт тауып келіп, қатысатынын хабарлаған облыс әкімі жергілікті спортшылардың өз алаңымызда ширақ ойнап, футбол жанкүйерлерінің үмітін ақтауды және жақсы ойын өрнегін көрсетуді талап етті.

006

Ашық алаңда өткен жүздесу кезінде «Ордабасы» клубының өкілдері өз кезегінде А.Мырзахметовке ұсыныстарын айтты. Көтерілген мәселе бойынша өңір басшысы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен клуб жетекшілігіне нақтылы тапсырма жүктеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі