//
Жаңалықтар 

Қаланың су тазарту жұмыстары нәтижелі

Қалалық су тазарту жабдықтары кешенін жаңғыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Тазарту жұмыстарының нәтижесін кешенге жақын маңдағы тұрғындар алдымен сезінді. Мұнда бұрын болған жағымсыз иіс жойылды. Алайда әлі де алда атқарылар тірлік жетерлік. Алғаш рет қаладағы су жабдықтарын тазалау жұмыстары 1983 жылы жүргізілсе, 1987 жылы биологиялық тазалау жүйесіне өткізілген. Сол уақыттан бері кешенде жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Назым Жүнісова, суды тазарту қондырғылары кешенінің бас технологы

Тазалау құрылғылары ескірген. Ал кешендік жаңарту жұмыстарының да жүргізілмегеніне ұзақ уақыт болған.

Бұл ағынды суды механикалық тазалаудың алғашқы кезеңі.

Назым Жүнісова, суды тазарту қондырғылары кешенінің бас технологы

Биологиялық тазалау жұмыстарынан кейін, әрине нәтиже айқын болады. Су мөлдір, таза. Тазалығы соншалық, қалдық суларды көлге де жібере аламыз.

Бұл тұндырғышта су әзірге ескі әдіс бойынша тазалануда. Алайда жетілдірілген польшалық құрылғы орнатылған бойда сарқынды су әлдеқайда сапалы тазалаудан өтетін болады. Оның барлық сатысынан өткізілген суға жер пайдаланушылар кезек күтеді. Өйткені, бұл судың тұнбасынан газ және электр қуатын алуға болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz