Жаңалықтар 

Жетісайлықтар Ресейдің «Даңқ минутында» өз өнерін паш етті

Ресейдің 1-арнасындағы аты шулы «Даңқ минутын» бағдарламасына біздің жерлесіміз де өнер көрсетіп қайтты. Бүкіл жұртшылық алдына Жетісайлық Талғат Арипов ұлы Оңдалсын Бейсебаймен ерекше өнерімен шықты. 5 жастағы Оңдалсын ұсақталған шишаға жатып, инеден өткір шегенің үстімен жүрді. Тіпті, жалаңаш денеге өткір пышақ тастап жұртты таң қалдырды. Бұл факкира жанры деп аталады екен. Алдымен жерлестеріміз 31 арнадағы «Талант шоу» бағдарламасына қатысқан. Мұнда көрсеткен өнеріне тәнті болған Мәскеуліктер «Даңқ минутына» шақырған. Ресейліктер жолға жұмсалған қаражатты өздері көтерген. Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, Байқоныс ауылының тұрғындары отбасымен осындай ерекше цирктік трюктар жасайды. Атасы Бейсебай ауданға…

Read More
Жаңалықтар 

Атжалмандармен айқас

Кеңес одағы тарағалы биыл алғаш рет қаладағы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жұргізу үшін бюджеттен 43 млн тенге қаражат бөлініп,көктем айында 42 мың гектарға созылған қала аумағының 1280 гектары дәріленді Қазан айының 10 жұлдызынан бастап осы шараның күзгі маусымы басталғалы отыр.Нәтежесінда кеміргіштер көп шоғырланған 12 млн 800 мың шаршы метр жер дәріленеді.Мамандардың мәлімдеуінше, Алматы қаласында жыл сайын осы шараға 60 мил қаржы бөлінеді екен. Ал шым шахардың бюджетінен бөлінген қаражат қаланың 6 пайызын ғана дәрілеуге жеткілікті.Ол санды 17 \20 пайызға көтерсек кеміргіштердің саны әлдеқайда азаяр еді дейді.

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттің суретшілері өз алдына шаңырақ құрды

Шымкентте қалалық Суретшілер Одағы құрылды. Жеке өз алдына тәуелсіз заңды тұлға болып Сұлтан Ғаниұлы Иляев басшылық етеді. Жемісті еңбек еткен әріптестерге арнайы номинация тағайындап үлгеріпті.»Сарайшық» номинациясымен тұңғыш марапатталған үштіктің бірі, қылқаламның хас шебері, Оңтүстік суретшілерінің көшбасшысы Қасымбек Нұрбеков бұл бізге шығармашылық құлшыныс сыйлайды,- дейді. Суретшілердің қалалық одағының басышысы Сұлтан Ғаниұлы бұл номинация тұрақты түрде тағайындалатындығын айтады. Оңтүстіктегі 90-нан астам мүшесі бар аталмыш Одақтың жұмысын қорытындылаған жиында Тәуелсіздіктің 20 жылында талмай еңбек етіп келе жатқан қылқалам шеберлері Құрмет Граматоларымен марапатталды. Сондай-ақ тәуелсіздіктің тойына жасар тарулары да електен өткізілді.

Read More
Жаңалықтар 

7 ай жазықсыз түрмеде отырған азамат ақталды

Мейірхан Фузаилов бостандықтың бағасын білетін жан. Қысты күні ауласында қар күреген оны көршісі машинамның терезесін сындырып,ішінен 26 мың АҚШ долларын және бағалы қалта телефондарымды ұрлаған деп айыптаған. Тергеу изоляторында қамауда жеті ай бойы отырып, нақақтан күйе жағылған Фузаилов Еңбекші аудандық сотының шешімімен ақталып шықты. «Жеті айда бостандықтан үмітім де үзілген еді. Әділдік бар екен. Отбасымның атынан судья М.Жорабаевқа алғысымды білдіремін»-дейді жаладан жапа шеккен жан.

Read More
Жаңалықтар 

«Отырар» институты лицензиясыз оқытып келген

Шымкент қаласында 3 мыңнан аса студентке жоғары білім беріп келген Отырар университетінің соңғы екі жылда лицензиясы болмағаны анықталды. Бұл туралы әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшесі Қуандық Бабанов хабарлады. Еліміздің бас прокуратурасы мен Білім және ғылым министрлігінен келіп түскен хат негізінде тексерілген оқу ордасы 2008-жылдан бастап, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің құрамында жұмыс істеуі тиіс екен. Аудандық прокурор көмекшісі Қуандық Бабановтың айтуынша, соттың шешіміне сәйкес Әл-Фараби аудандық прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып, Отырар университетінің жоғары кәсіби білім беру қызметі тоқтатылған. Аталмыш жоғары оқу ордасы еліміздің лицензия, білім туралы Заңын және Азаматтық кодекс талаптарын өрескел…

Read More