Жаңалықтар 

Шымкентте иттердің көрмесі өтті

Жексенбі күні таңертең Кең баба ауданының түрғындарын иттер үріп оятты. Мұнда  иттердің дәстүрлі көрмесі өтті.«Алтын ит» байқауына 33 түрлі асыл тұқымды  ит қатысты. Ал көктемгі маусымда өткен байқауда үміткерлердің саны 29 болатын. Көрмені ұйымдастырушы Лариса Югайдың айтуынша, қатысушылардың жыл сайын сапасы жақсарып келеді.  Сарапшылар иттердің жасы мен жынысына қарай бағалады. Иттің сыртқы келбеті мен бояуын, қимыл-қозғалысын, тіпті адамдардың арасында өзін ұстау мәнеріне де баса назар аударады. Шымкентте өткен көрмеде сирек кездесетін асыл тұқымды иттер де бағын сынады. Ал аңшылыққа шығатын «Скай-терьер» иті арнайы Тараздан әкелінген.  Бойының ұзындығы 25 см Ариша…

Read More
Жаңалықтар 

Әділет кеңес берді

Қазақстанның барлық аймақтарында әділет органдары қарапайым халыққа кеңес беруде. Акция барысында әділет департаменті, ОҚО бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы, адвокаттар алқасы, нотариаттық және мүлік бағалаушылар палатарының өкілдері ЖОО студенттері және кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, тегін заңгерлік кеңес берді. Әділет департаменті ұйымдастырған шара барысында сала мамандары облыстық халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге құқықтарын түсіндіріп, заң кеңестерін берді. Азаматтар мұнда сан алуан сауалдарымен келетінін ескерсек, ұйымдастырылған шара оларға өз пайдасын тигізді. Өзі басқаратын серіктестіктің жоғалған құжатын қайта рәсімдеуге келген кәсіпкер Шолпан Саттыбаеваның дәл осы күні жолы болды. Рәсімдеудің қиындықсыз бір жерде шешілгеніне риза болған…

Read More
Жаңалықтар 

Жақында Шымкенттіктер Тәуелсіздік саябағында тынығатын болады

Шымкенттіктер үшін тағы бір демалыс орны ашылады. Ол «Тәуелсіздік» саябағы деп аталады! «Көне Шымкент» қалашығындағы қызу құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталуға жақын. Жаңа саябаққа қазірдің өзінде келушілер көп. Көз алдымызда көрікті орын бой көтеруде. Ал бірнеше ай бұрын субұрқақ, бәйтерек бәрі тек қағаз жүзінде бейнеленген еді. Бүгінде құрылысшылар нысанды тапсыруға дайындалуда. Тахир Узденов, қала тұрғыны. Мұндай керемет Шымкенттік тұрғындарға лайық деп ойлаймын. Менімше бұл қалалықтардың ең сүйікті орнына айналады. Қала тұрғындарын Исхад Мухамед саябаққа аса қуанышпен шақырады. Қытайдан келген құрылысшы әуенді субұрқақтың құрылысына көмектесті. Енді міне ол жасалынған жұмысқа өзі де…

Read More
Оқыс оқиға 

Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев 76 жасында өмірден озды

Қазақ әдебиеті ауыр қазаға душар болды. Сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев 76 жасында өмірден озды. Ол 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында дүниеге келді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын»-ның бас редакторы болып істеді. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Оның «Құстар қайтып…

Read More
Жаңалықтар 

«Мадейра» фитнес клубының 1 жылдық мерейтойы (PR)

Салауатты өмір- сауаттылықтың белгісі. Қала тұрғындарына өз қызметтерін ұсынып жүрген Мадейра фитнес клубы 1 жасқа толды. Заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті кешеннің думанды кеші де ұйымдастырылды. Мерекелік кеш. Жылы лебіздер мен Сұлулыққа құштар жандар. Мадейра фитнес клубының 1 жылдық мерейтойын құттықтай келген азаматтардың арасында өңіріміздің белді мүшелері де бар. Демалыс- жалқаулық емес, жан еңбегі деп білетін қала тұрғындары мадейраның қызметіне дән риза. Бұл кешенде түрік және финдік сауналар жұмыс істейді. Сонымен қатар, пилинг, релакс, уқалау қызметтері де көрсетіледі. Жаттығу залы заманауи үлгідегі жаңа құрылғылармен жабдықталған. Кәсіби мамандар мен пайдалы кеңестердің…

Read More
Жаңалықтар 

Кәсіпкерліктің тегін жедел курстары барлық ауданда өтті

Кәсіпкерлікті дамытамын, жеке ісімді ашамын деген кез-келген адамның енді өз ісін дөңгелетуіне мүмкіндік бар. «Бизнес кеңесші» бағдарламасы аясында ОҚО бойынша кәсіпкерліктің жедел курстары өтті. 10 күн бойы ұйымдастырылған оқу бағдарламасы барлық ауданды қамтыды. Экономист, заңгер лекторлар еңбек нарығында жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға кәсіпкерлік жөнінен дәріс оқыды. Бұл шығын- 10 адамнан құралған Балғабекова Ақмаралдың отбасыныңкі. Өзіндік шығындарды керекті табыспен салыстыру қаржыландырудың жоспары болып табылады. 10 баланың анасы Ақмарал самса жасап сатады. Үйде құрақ құрап, қыз жасауын түгендейді.Оның бүгінгі бизнес жоспары да осы шаруаға байланысты болды. Оқыту бағдарламасының соңында бастамашы кәсіпкерлер бизнес…

Read More