Жаңалықтар 

Жәрмеңкеге аудандардан келген шаруа қожалықтары өз өнімдерін жайғастыруға орын таппады

Сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сауда жасауға  келген шымкенттіктердің жәрмеңкеге деген ойы әр қилы.  Бірі тиімді-қол жетімді бағалар десе , бірі алып сатарлардың табыс көзіне айналған орын деп наразылықтарын білдіруде. Өз өнімдерін жайғастыруға орын таппаған аудандардан келген шаруа қожалықтары бұл бейберекеттікті кім реттейді деп наразылығын да білдіріп үлгерді. Алайда, осы ауылдың өнімі бағаны біршама төмендетуге септігін тигізді. Сиыр еті — 800, жылқы — 1100 теңгеден сатылды. Облыс әкімдігінің Астанада ұйымдастырған жәрмеңкесін тамашалаған қалалықтар сондай шараны өңіріміздің халқына ұйымдастыруға болмас па еді дегендер де болды. 

Read More
Жаңалықтар 

Алдағы аптада жаңбыр жауады

Кеше күн бірден жылынып сынап бағынасы +33 градусты көрсеткен болатын. Алайда бүгін ауа температурасы бірден 10 градусқа төмендеп сынап бағынасы 22 градусты көрестіп отыр дейді ауа райын болжаушы синоптиктер. «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы балалар емханасының меңгерушісі Валентина Коврига Күннің бірден салқындауы әсіресе балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Күн жылынды деп балаларды жеңіл киіндіріп бақылаудан жібермей барынша кішкентай бүлдіршіндеріңіздің денсаулығына абай болыңыздар дейді дәрігерлер. Алайда ауа райын болжаушы мамандар алдағы аптада күннің бірден салқындауы жағдайлары күтілмеді дегенді айтады. Тек құбылмалы күйде күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтанда денсаулығымызға баса назар аударып…

Read More
АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінен келген ғалым Дэлвин Харниш жауап беруге келді. Жаңалықтар 

Несиелік технологияның тиімділігі

ЖОО-да несиелік бағдарламаны енгізу. Оның тиімділігі қандай, не ұтамыз? Осы сұрақтарға бүгін ОҚО Медициналық фармацевтикалық академиясына АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінен келген ғалым Дэлвин Харниш жауап беруге келді. Нақтырағы Астана, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қаласындағы медициналық оқу орындарының ұстаздарының басын қосып, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін үйретіп, пікір алмасты. Несиелік технологияның тиімділігі сол, студенттер шет елге шығып тәжірибе алмасып, практикалық іс-жобаларға да қатыса алады. Яғни, әлемдік стандарттар бойынша білім алып, соңғы ғылыми жаңалықтарға ат салысуға құқылы болмақ. Оқыту тренингі 5 күн бойына жалғасады.  

Read More
Жаңалықтар 

Оқушылар енді нан жемейтін болады

Нан жемеген бала ақылды болады. Бұл Қазақ тағамтану академиясының ашқан жаңалығы. Алматыда бір мектепте  биылғы оқу жылынан бастап асханаларының мәзірін өзгертіп, нанды мүлдем алып тастапты- деп хабарлайды «Жаңалықтар фабрикасы» интернет порталы. Осылайша мектеп оқушылары тегін берілетін ботқааларын нансыз жеуде. Мәзірден ас атасы сызылып тасталған. Ал бұл мәселеге  оқушылар түсінбей дал болса, ата-аналар  мұны оқушылардың өз еркіне беру керек деп санайды. Өйткені тоқшылық заманда бір үзім нанға зар болуды дұрысқа санамайды олар.  Оқушыларға биылғы ас мәзірін реттеп берген Тағамтану академиясының өкілдері. Медицина ғылымдарының докторы Мұса Айтжановтың айтуынша,  зерттеу барысында 7-10 жас аралығындағы…

Read More
Спорт 

Бокстан ҚР федерациясының Кубогы

Алғашқы сынақтан- ақ сүріндік. Еліміздің бокс федерациясы кезекті рет кубок үшін сайыс ұйымдастырды. Шымкенттіктер алғашқы кездесуін Тараздың былғары қолғап шеберлерімен өткізген болатын.  Шет алаңда жеңіске жету оңай болмасы анық еді. Алайда, Таразға жалғыз мақсатпен жол тарқан едік.  Жоспар орындала қоймады. Алаң қожайындары басымдылық танытып, 6-4 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде шымкенттіктер жеңіліп қалса, екінші болып шыққан жерлесіміз Нұрғазы Жүсіпов  таразы басын теңестірді. Алмасбек Әлібековтің де жолы болды. Енді келесі жолы Тараздың  құрама командасы шымкентке келеді. Өз жерімізде  боксшыларымыз басымдылық танытады деп сенеміз.

Read More
Жаңалықтар 

Бірыңғай ұлттық тестілеу болмайды

Бұл жайында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Парламент Сенатында өткен жалпы отырыста «Білім туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қорғау барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды «Жаңалықтар фабрикасы» интернет порталы Енді 2014жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болдық. Осыған орай, 8 жыл бұрын енгізілген аты шулы Бірыңғай ұлттық тестілеу алынып тасталмақ. Өздеріңізге белгілі бұған қатысты айтылған сыни пікірлер мен адам өліміне әкеп соққан деректер де аз емес. Енді білім министрлігі талапкерлердің жағдайын жеңілдетпек.    

Read More