Жаңалықтар 

Баспана құрылысы үшін жер телімдері екі жылдық мерзіммен берілетін болды.

Шымкентте жер үлесіне ие болуға ниетті азаматтардың кезегі елу мың адамға жетті. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Бірақ, потенциалды учаске иелерін жаңа заң нормалары күтіп тұр. Жер кодексіне толықтырулар енгізілді. Жеке баспана құрылысы үшін жер телімдері екі жылдық мерзіммен уақытша пайдалануға берілетін болды. Бұдан шығар нәтижені тілшіміз пайымдап көрді. Қалалық жер қатынастар бөлімі өзгерістермен абдыратып тастады. Енді жер учаскелері уақытша пайдалануға берілмек. Жер телімін толығымен даусыз, талассыз өз меншігіңе өткізу үшін екі жыл уақыт керек, оның өзі егер сол учаскеде үй тұрғызылған болса ғана. Егер бұрындары жер телімінің егесі…

Read More
Жаңалықтар 

Ұландар борышын өтеуге аттанды (бейне)

Оңтүстіктің ұландары әскерге аттанды. Облыстың барлық ауданынан шақырылған болашақ сарбаздар енді Республикалық гвардияда борышын өтейтін болады. Бұл күзгі шақырылымның екінші кезеңі. Бұған дейін облыстық әскери комиссариаттан қарулы күштер қатарына жүзден астам сарбаз аттанған еді. Біздің өлкеден жалпы алғанда биыл 4 мыңға жуық әскер жасындағы жасұлан қарулы күштер қатарына жіберілетін болады. Айта өткен жөн, әскерге алынушыларды салтанатты шығарып салу шарасы Тәуелсіздік аллеясында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бұл жолғы әскерге шақыру науқаны ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр. Әскерге алынушыларды шығарып салу шарасында ата-аналар, Ұлы Отан Соғысы мен ауған соғысы ардагерлері,…

Read More