Жаңалықтар 

М.Байғұттың «Ақтолғай» эсселер жинағы жарыққа шықты

«Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист  Марғабат Байғұттың «Ақтолғай» эсселер жинағы жарыққа шықты. Үлпіл-лүпіл үнге, әспетті әуенге толы бұл жинақтан өмірдің әуезді әнін де, уақыттың уызы мен мен уытын да, дәуірдің дәмегөй дәмін де сезінесіз, бүгінгі әкімдік жүйенің там-тұм талдамасына дейін табасыз. М.Байғұттың аталмыш шығармасы 2010 жылғы Әз Наурыздан желкемді желтоқсанға дейін «Сенбі сайын» деген арнайы айдармен «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланып, оқырмандардың ықыласына бөленген болатын. Жұртшылықтың сұранысына сәйкес кітап етіп шығарылып отырған естелікнамадан оқырмандар қызықты жәйттерді оқып біле алады.

Read More
Жаңалықтар 

«Petro Kazakstan Oil Products» ЖШС мектепке жәрдемімен келіпті (PR)

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын. «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС жылдағы жәрдемімеен келіпті. Мекеме қызметкерлері Сайрам ауданындағы Қарабастау ауылының № 54 Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектеп гимназиясына осымен 3 жыл қол ұшын беріп келеді. Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші. жақсылықтың уытын алып келді десеңші. Әрдайым қол ұшын беріп тұратын аға-әпкелеріне бүгін мектеп оқушылары арнайы концерттік бағдарлама дайындапты. Ән,би барлығы қонақтар назарында. Тіпті, бүлдіршіндер болашаққа өту қуанышында ағаларымен бөліспек болыпты. Мектептің еңбек бөлмесі заманауи 10 тігін машинасымен қамтамасыз етілді. Үйірмеде қыздар киім-кешек тігіп, тіпті «Айгөлек» балалардың өнер байқауына өздері тіккен киімдерімен…

Read More
Жаңалықтар 

Жылу беру маусымы 1-қарашада басталады

Қала әкімінің 26 қазанда шығарған шешіміне сай биылғы жылу беру маусымы қарашаның бірінші жұлдызында басталады. 22 қазанан бастап қаладағы басты жылу магистралдарына су толтыру жұмыстары басталып аяқталуға жақын. Ендігі кезек орам ішілік жылу жүйелерін суға толтыру қолға алынбақ. Нәтежесінде, қараша айының 10 жұлдызына дейін қаладағы 1330 көпқабаты үй толығымен жылуға қосылады. Өткен жылы да жылыту маусымы 1 қарашада басталған. Биыл теріскей шағын ауданындағы жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары аяқталып, Сайрам шағын ауданындағы жұмыс 5 қарашада тапсырылады нәтежесінже жылдар бойы жылуға жарымаған жерлестеріміз қыста сапалы жалу алуға қол жеткізеді деген үміт бар.

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентті шын сүйетіндер анықталды

Шымкент қалалық әкімдігі «Нұр Отан» ХДП шымкент филиалы мен ОҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы ұйымдастырған «Шымкент менің сүйікті қалам» атты 4 айлық акциясы қорытындыланды. Нәтижесінде, ұйымдастыру алқасына келіп түскен 93 өтінішке сәйкес, арнайы құрылған комиссия мүшелері «Үздік көше» , «Үздік аула», «Үздік үй» ,»Үздік аудан» номинацияларының жеңімпаздарын анықтады. Үздік көше аталымы бойынша, бірінші орында «Айқап» шағын ауданындағы Рамазан көшесі. Үздік аула бойынша 17 шағын аудандағы №7а үй ауласы, Үздік үй номинациясы Әл Фараби көшесіндегі №99 үй, Үздік аудан аталымында Әл Фараби ауданы озық деп танылды. Жеңімпаздарға алғыс хат пен…

Read More
Жаңалықтар 

Бюджеттегі соңғы өзгеріс

Шымкент қаласының 20011 20013 жылдарға арналған бюджетінде кезекті өзгерістер мен толықтырулар орын алды. Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансфертер есебінен үстіміздені жылдың бюджеті 322 млн 269 теңгеге кеміп, керісінше 2012 жылғы бюджет 41 млн тенгеге, 2013 жылдың бюджеті 30 млн тенгеге көбейді. Ол бюджеттке түсетін салық көздерінің азайуына байланысты болып отыр. 2012 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қала базарларындағы бір жолғы талондармен жиналатын алымдардың көлемі өсетін болды. Сондай-ақ 2007 жылы бекітілген бір жолғы талондардың құнында қаралмай қалған сауда саттықтың кейбір түрлері енгізілді. Мамандардың мәлімдеуінше бір жолғы талондардың құнын көтеру қажетіліктен туындағын мәселе….

Read More
Жаңалықтар 

Өзіңізді сақтандыруды ұмытпаңыз

Бәле қайда, басқан аяқ астында. Сондықтан өз-өзіңізге сенімді болуыңыз үшін сақтандыруды ұмытпаңыз. «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы бұл жүйенің қаншалықты маңызды екенін біледі. Осыған байланысты аталмыш ұйым таяуда шымкенттік мектеп оқушылары арасында «нс дети» акциясын ұйымдастырды. Үш бірдей мектепті қамтыған акцияның алғашқы қорытындысы №7 мектеп-лицейінде шығарылды. Мұндағы шәкірттердің сақтандыру жүйесі туралы жазған шағын шумақтары мен осы тақырыптағы бейнелеу өнеріне дән риза болған компания басшылығы оларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шәкірттер ұялы телефон, мр-4 құрылғыларын алып шаттанса, ата-аналар жағы да қалыс қалмады. Оларға да осы акцияға белсенді қатысқаны үшін 200 мың теңгеге тегін…

Read More