Жаңалықтар 

Шымкентте «Отаным жүрегімде» атты патриоттық бейне клиптер жарысы өтуде

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, 2011 жылдың қазан айында Алматы қаласында қорытындыланады. Байқаудың мақсаты әрбір Қазақстан азаматының Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, қазақ халқының тарихы,мәдениеті, салт-дәстүрі туралы тағлымы мол мәліметтер беру арқылы көрермендердің патриоттық, отансүйгіштік сезімін ояту, әдептілікке үйрететін тәрбиелік мәні бар, сапалы бейнеклиптерді насихаттау. Байқаудың шарттары мен талаптары. Бейнеклиптер патриоттық тақырыпта және сапасы жоғары болу қажет.Бейнеклип мемлекеттік тілде (қазақша)және ұларалық қарым-қатынас тілінде (орысша) қабылданады. Бейнеклиптер алдын-ала ұйымдастыру алқасына жіберілуі тиіс. Өткен жылғы өткізілген «Отаным жүрегімде» республикалық бейне клиптердің байқауына қатысқан және өзге республикаларда бейнеклиптер қабылданбайды.…

Read More
Спорт 

Жасыл алаңға мемлекет қызметкерлері шықты

Олардың арасында үш ауданның әкімшілігімен, қала прокурорлары да бар. Бұл азаматтарды спорттық киімде күнде көру мүмкін емес. Алайда, бос уақыт тым аз болса да жерлестеріміз салауатты өмір салтын сақтауға уақыт бөлеміз дейді. Данабек Абсиков, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Біз спортпен шұғылданып тұрамыз. Сол себепті бұл турнирге нақты жоспар қойып отырмыз. Ол жеңімпаз болу. Қолымыздан келеді деп сенемін. Дайындығымыз жақсы.» Жасыл алаңда бірінші болып  еңбекші аудандық әкімшілігімен Абай ауданының прокурорлары допқа таласты. Қала әкімінің кубогі үшін тартыста он екі команданың әуесқой футболшылары сынға түседі. Сөйтіп, №7 қалалық футбол мектебінің ұйымдастыруымен қала күні…

Read More
Жаңалықтар 

Жас ақындар бақ сынасты

«Өнерлі жастар» атты жазба ақындарының облыстық байқауы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Өңіріміздің барлық аудан, қалаларынан келген үміткерлердің өлеңдері жабық түрде талқыланыпты. Облыстық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мүшәйрада отыздай жас ақынның өлеңдерін бағалаған әділ-қазылардың айтуынша, жаны әдебиетке құштар сөз майталмандары өсіп келеді екен. Тәуелсіз Қазақстан ұрпақтарының жыры патриоттық рухта тербелсе, ұйқастары ел жетістігімен түйіліпті. Сонымен, әділ-қазылардың шешімімен байқаудың бас жүлдесін Гауһар Жүсіпалиева жеңіп алды. Абай Тіленшиевке екінші орын бұйырса, Жанат Күздікбаева мен Жәудір Бейсенбай үшінші орынды місе тұтты. Ал қалған қатысушылар арнайы дипломмен марапатталды. Барлық жеңімпаздар Жастар орталығының бағалы сыйлықтарымен…

Read More
Жаңалықтар 

Көпқабатты үйлерді дамыту мен жаңарту бағдарламасы бастау алды

Шымкент қаласындағы Қазыбек би және Тәукехан көшелерінің қилысында орналасқан №33 көпқабаты үйдің шатырын жаңартып қас бетін жөндеуге 17 млн тенге қаражат жұмсалады. Енді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімінің мамандары 21 пәтерлі үйдің тұрғындары ай сайын қанша қаражат төлейтіндігін есептеп шығады. Мамандар ол 3 мың мен 7 мың тенгенің арасында болуы тиіс дейді. Мердігер түрік компаниясының құрлысқа қолданып жатқан материалдары жылуды 40 пайызға дейін сақтау мүмкіндігін береді. Мақсат әр пәтер иесі коммуналдық төлемді үнемдеуі қажет. Сонда ғана жаңғырту мен дамытудың қазақстандық бағдарламасы міндеті орындалады . Шымкент қаласында 2020 жылға…

Read More
Оқыс оқиға 

Әйелін бауыздамақ болған отағасы 9 жылға сотталды

Мамандандырылған қылмыстық сот Шымкенттің 30 жастағы тұрғынына үкім шығарды. Ол өз әйелін бауыздап өлтірмекші болған. Бірақ қылмысын соңына дейін жеткізуге кәмелетке толмаған қызы жол бермеген. Тергеушілер бұл заңбұзушылықты ауыр қылмыс қатарына сол кезде-ақ жатқызған. Отызды алқымдаған отағасы жаз мезгілінде өз әйелінің өмірін қимақ болған қайғылы оқиға Сарыағаш ауданының кішкентай ғана бір ауылында орын алған. Отбасылық мерекені артық адамсыз атап өткен отағасы ішімдікке сылқия тойып алып, азаматтық некедегі әйеліне қызғаныш отымен шап берген. Ол екі рет әйеліне пышақ сұғып та үлгерген. Қызы жүгіре шақырып келген көршілердің көмегімен әйелі өлім ауызынан қалған.…

Read More
Жаңалықтар Спорт 

ОҚО жеңіл атлетшілері Елбасынан автобус сыйға алды

Елбасының Оңтүстіктегі сапары спортшыларды да қуантты. Мемлекет басшысы Қажымұқан атындағы стадион жанындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде болды. Жаңадан пайдалануға берілген бұл нысанның құрылысы өткен қыркүйек айында ғана аяқталған болатын. Жобалық-сметалық құны 604 млн. теңгені құрайтын кешен спортшыларға керекті барлық қажеттіліктермен қамтылған. Мемлекет басшысы мұнда спортшылармен жүздесті. Елбасы оларға жеңіл атлетиканың жетістігін көтеруді тапсырды. Сөйтіп, Қазақстан спорт саласында тек бокс пен күрестен ғана емес, атлетшылермен де мақтана алатын жағдайға жетуі тиіс. Бұған жағдай жасалынып отыр деп, өз сөзін қорытындылай келе, жеңіл атлетшілерге автобустың кілтін тапсырды.

Read More