Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев 76 жасында өмірден озды

123

Қазақ әдебиеті ауыр қазаға душар болды. Сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев 76 жасында өмірден озды. Ол 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында дүниеге келді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын»-ның бас редакторы болып істеді.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді. Оның «Құстар қайтып барады» , «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» «Ертіс вальсі» «Шақырады көктем» атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ол Қазақстанның алғашқы ән ұранының авторларының бірі болатын.