«Қайырлы таң, ардагер» атты акция аясында мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетіп, қамқорлық жасады. Олар сабақтан тыс уақытта оқытушылармен бірге соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне келіп, шаруашылығына көмек көрсетті. №26, 30, 45 мектеп ұжымы мұндай шараларды тек қарттар мерекесі қарсаңында ғана емес, жиі әдетке айналдырған. Ал қариялар соғыс жылдарындағы естеліктерден айтып беріп, оқушыларға ақ баталарын берді.