Аурудың алдын алыңыз. Бүгінде өкпедегі ісік ауруы әлемде кең тараған онкологиялық дерт болып табылады. Алғашқы сәттерде оның ешқандай белгілері байқалмайды. Сондықтан, көп жағдайда науқастар дәрігерге кеш қаралады. Сақтықта қорлық жоқ. Өкпедегі ісік ауруының алдын алдын алу акциясын ұйымдастырушылар жылына бір рет профиликатикалық тексеруден өтуге кеңес берді.
Бұл аурудың пайда болуының негізі факторлары мынадай: темекі шегу, зиянды өндірістерде жұмыс істеу, зардапты заттар тараған ауамен тыныс алу, өкпе мен кеңірдектегі созылмалы ауруды мерзімінде емдемеу. Дүниежүзі ғалымдарының зерттеуінше, негізінде бұл аурудың 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі тартса, олардың өкпедегі қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артады.
Өкпе рагы сонымен қатар шахтерлерде, болат балқытатын, ағаш өңдейтін, керемикалық асбоцемент және фосфат өндіретін жұмысшыларда көптеп кездеседі. Сондықтан мұндай орындарда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн. Өкпе рагына тән белгілер болмайтындықтан, жөтел, ентігу, кеуде тұсында ауырсынудың байқалып, қанды қақырық шығып, дене салмағы төмендеп, жұмысқа зауқы соқпаса, тез арада дәрігерге көрінген абзал. Бұл кеңестерді акцияны ұйымдастырушылар да тұрғындарға жеткізді.
Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісіктермен ауыратын 30 мыңға жуық науқас анықталады екен. Бұл аз көрсеткіш емес. Егерде әрбір адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, жылына профликатикалық тексеруден өтіп тұрса ғана аурдың алдын алуға болады дейді мамандар. Қазір қатерлі ісік ауруынан тексерілу тегін жүргізілуде.