2700 шымкенттік марафонға қатысты

Мыңға жуық қалалықтар жексенбі күнді жүгіруден бастады

Мыңдаған азамат қала күніне орай өткізілген марафонда жүгіріп өтуге бел буыпты. Жаппай жүгіру өңірімізде биыл 4-ші рет өтуде. Марафондықтардың белсенді болғаны соншалық, қала көшелерінен автокөліктерді де ығыстырып шығарды.

Нұржан Сманов, ОҚО бойынша спорт және туризм басқармасының бастығы:

«Арнайы марафон үшін МАИ қызметкерлері автокөліктер кедергі жасамасын деп,  жолдың барлығын жауып тастады. Өйткені қатысушыларға қауіп төнбеу керек. Әрі екі жедел жәрдем жасау көлігі жұмыс істеуде.

Спортшылардың аяқ алысы Рысқұлов пен Қонаев көшесінің қиылысынан бастау алды. Ал қатысушылардың мәресі Әл-Фараби алаңында аяқталды. 5 шақырымды жүгіріп шығу – оғай емес. Алайда өзін сынап көргендердің ішінде спортшылар да, қызығушылық танытқан түрлі жастағы азаматтар да болды. Көңілге қаяу түсірген жәйттер де жоқ емес. Өйткені биылғы марафонға қатысушылардың саны былтырғымен салыстырғанда екі есе кем.

Әлішер  Юсупжанов, марафонның бас төрешісі
«
Біз 4-ші жыл қатарынан қалалық марафон өткізіп келеміз. Алайда дәл мұндай аз адам қатысқан емес. 4000, 5000 қатысушы болған, ббірақ 2700 адам бізді таң қалдырып отыр. Мүмкін бұл шара ойдағыдай жарнамаланбаған немесе жексенбі күні қалалықтар ерте тұрып, жүгіруге ерінген болар.

Жүгірудің ортасында –ақ көшбасшылар белгілі болды. Тәжірибелі спортшы Әлібек Әбдінұр қарсыластарынан алысқа ұзап кетіп, бірінші болып мәре сызығын кесті. Алайда жеңімпаз байқаудың шарттарына көңілі толмайтынын жеткізді.

Әлібек Әбдінұр, қалалық марафонның жеңімпазы
Жүгіру қаламызда алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Ал жеңімпаздар үшін дайындалған сыйақы мардымсыз. Сондықтан да, қатысушылардың саны аз. Тым болмаса, сыйақы мөлшерін 3000 теңге ету керек. Сонда, үміткерлер де қатысуға талпынады.

 Жарыстың үздіктерін 5 жас ерекшелік бойынша анықтады. Ардагер жеңімпаздың жасы 72-де болса, ең кішкентай спортшы 9 жасар Азамат Лесбек. Мәрені алғаш болып кескендер түрлі сыйлықтарға ие болды.