//
Жаңалықтар 

№36 мектептің 50 жылдық мерейтойы

Шымкенттегі №36 мектеп 50 жылдық мерей тойын атап өтті. Бүгінгі мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар,мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болып қуанышқа кенелді.
50-жылдық мерей тойында №36 мектеп жетістіктерін жиналғандарға паш етті. Мерекелік шеруді оқу озаттары бастады.
Сапта алтын белгі иегерлері. “Ойшыл” өнер қоғамының мүшелері. Пән Олимпиадасының жеңімпаздары,ас қыл қалам және спорт шеберлері. Іргетасы 1961 жылы қаланған Мичурин атындағы білім ордасында алғашқы оқушыларды қабылдаған ұстаз №36 мектептің алғашқы оқу ісі меңгерушісі Надежда Степановна Нью сол жылдарды жылы еске алады.

Біз екі Надежда. Директорымыз Надежда Захаровна Рыжковамен бірге парталарды жуып, сыныптарды білім күніне дайындадық. Онда енбәрі 5 бастауыш сынып болатын. Оқушыларды есеп шығаруға , жазуға, оқуға үйреттік. Мына жерде линейка болатын. Жас әскерилер шеруі де осында өтетін. Қазір шәкірттеріммен ғаламтор арқылы хабарласып тұрамын.

Осындай ұлағатты ұстаздар еңбек еткен білім ұясында өскелең ұрпақ тәрбиеленуде. Бастауыш сыныпты былтыр тәмамдаған 5 сынып оқушыларының ұстаздар қауымына айтар алғысы шексіз.

Білімге деген құштарлығымды оятқан, жақсы тәрбие берген мұғалімдеріме үлкен рахмет ,-дейді Ерзахан ӘБЕН.

Бұл былтырғы түлектердің қазіргі жоғары, арнаулы оқу орындары студенттерінің мектепке тартуы. Өмір жолына қадам басқан жастар, оларға артқан сенімді ақтайтынына ата аналар да, ардагер ұстаздар да сенімді.
№ 36 мектептің жанынан 1989 жылы 460 орындық қосымша ғимарат соғылды. Ал 1991 жылдан бастап мектепте қазақ сыныптары да ашылған. 2000 жылы білім ошағына ұлы тұлға Қазыбек бидің есімі берілді

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

1 пікір - "№36 мектептің 50 жылдық мерейтойы"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Мектеп-кеме, билим-тениз. Биздин де мектебимиздин мерей отер жакында. Сол бир татти кездерди ериксиз сагынасын

wpDiscuz