«Алтын дастархан» атты халықаралық байқау биыл қатарынан 8-ші жыл рет өткізілуде. Ал биылғы байқаудан біздің жерлестеріміз абс жүлдені жеңіп алды.
Аталмыш фестиваль Алматы қаласында өткен. Бұл байқаудың ұйымдастырушылары өнім шығарушы және тамақ өндіру кәсіподақ мүшелері, Қазақстан Республикасының экономика және сауда министірлігі, Алматы қаласындағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту департаменті болып отыр.Биылғы байқаудың басты ұраны: «Тамағы саудың — ұлты сау»
№6-шы кәсіптік лицейдің шәкірттері халықаралық байқауға биыл 4-ші рет қатысуда. Алғашында күміс алқа кейін алтын енді бас жүлдеге қолдары жетіп отыр.