Балалардың құқы деген не?

Сұрақ:
— Қорғаншыларға, қамқоршыларға жәрдемақы беру қашаннан бері жүзеге асырылуда?
Жауап:
Рахима Зұлыпхарова, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары:
— ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамызда қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы бағып-қағуға жәрдемақы тағайындау қағидасы және оны төлеу мөлшері туралы №893 қаулысы бекітілді. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сұрақ:
— Жәрдемақы нақты кімдерге тағайындалады?
Жауап:
— Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақыны төлеу ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекет етуге қабiлетсiз, әpeкeт ету қабiлетi шектеулi деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргiзiледi.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды білім басқармасы ай сайын анықтайды.

Сұрақ:
-Жәрдемақы тағайындауға қай мекемелерге қандай құжаттар өткізу керек?
Жауап:
— Қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініші;
қорғаншының немесе қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесі;
жергілікті атқарушы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі;
баланың (балалардың) туу туралы куәлiктерінің көшiрмесi;
балаға жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-аналық құқықтарын шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті, әрекет етуге қабiлетсiз (әpeкeт ету қабiлетi шектеулi) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;
екінші дәрежелі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;
қорғаншының немесе қамқоршының салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының және жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмелері;
баланың (балалардың) табыстары (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер, балаға (балаларға) алименттердің төленуін (төлемнің болмауын) растайтын анықтама, баланың еңбекақысы туралы анықтама) туралы мәліметтерді жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдеріне өткізеді.
Тұрғылықты жері бойынша орган болмаса, өтініш беруші көрсетілген құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.

Сұрақ:
— Жәрдемақы қай уақытқа дейін тағайындалады?
Жауап:
— Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы оларды төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, оның туған айын қоса отырып, қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейін төленедi.
Органның кінәсінен қорғаншы немесе қамқоршы уақтылы алмаған жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейiн берiлсе, органға, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне жүгінген күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.

Сұрақ:
— Жәрдемақы барлық қорғаншылар мен қамқоршыларға тағайындала ма?
Жауап:
— Тәрбиелеу, емдеу және өзге де ұқсас мекемелерде немесе стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған, сондай-ақ ата-анасы өз баласын жеке өздері тәрбиелей және асырай алатын, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлек тұратын, бірақ оларды асырап-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы тағайындалмайды.

 

Related posts

Пікір қалдыру

3 пікір - "Балалардың құқы деген не?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Саламатсыз ба!
Кешеріңіз, Сіз талқылаған мәселелердің біріне менде екі сұрақ бар:

1. Мемлекеттік органдардан жұбайы (ер адам) өз әйеліне қатысты некеге тұрмаған уақытқа дейін оның баладан бас тартқаны немесе бас тартпағаны туралы анықтаманы сұрата ала ма?

2. Және ер жігіт өз әйелімен некеге тұрмаған уақытқа дейін оның әйелінен бала туылғаны немесе туылмағаны туралы анықтаманы сұрата ала ма?

Жауабыңызды күтемін, алдын ала рахмет!

Мамандар бұл жағдайда анықтама сұрата алмайды деп хабарлады. Толығырақ 53-29-89 сенім телефонына хабарласып біле аласыз.

Салеметсізбе! 18 жастан асқан колледж студенті (жетім бала) әке шешесі қайтыс болған жігітке жәрдемақы мөлшері қандай болады???

wpDiscuz