//
Жаңалықтар 

Баспана құрылысы үшін жер телімдері екі жылдық мерзіммен берілетін болды.

Шымкентте жер үлесіне ие болуға ниетті азаматтардың кезегі елу мың адамға жетті. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Бірақ, потенциалды учаске иелерін жаңа заң нормалары күтіп тұр. Жер кодексіне толықтырулар енгізілді. Жеке баспана құрылысы үшін жер телімдері екі жылдық мерзіммен уақытша пайдалануға берілетін болды. Бұдан шығар нәтижені тілшіміз пайымдап көрді.

Қалалық жер қатынастар бөлімі өзгерістермен абдыратып тастады. Енді жер учаскелері уақытша пайдалануға берілмек. Жер телімін толығымен даусыз, талассыз өз меншігіңе өткізу үшін екі жыл уақыт керек, оның өзі егер сол учаскеде үй тұрғызылған болса ғана.
Егер бұрындары жер телімінің егесі екеніңді дәлелдегің келсе, оны қақпамен қоршап алу жеткілікті болса, бұдан бұлай ол жерді тұрғынүйдің болуы шарт. мына отбасы учаскені 2007 жылы сатып алды. Сол жылы ақ баспананың қамына кірісті. Арадан төрт жыл өткенмен, құрылыс тұралап әлі тұр.

Қаржыңыз болса, үйді тұрғызу жарты жылдың шамасындағы шаруа. Белгіленген мерзімге дейін баспаналы бола алмасаң, арнайы комиссияға құрылысты бастағаныңызды, бірақ белгілі бір себептермен соңына жеткізе алмағаныңызды түсіндіруге мәжбүрсіз. Ал, мұның, мәлім болғанадай, бірнеше жолы бар. Осылайша, бір тараптан ұзын сонар кезек жойып, жер телімін пайдалануға мүмкінідік туса, екінші жағынан, азаматтардың қаржы іздеп, комиссиямен заңсыз түрде ымырағу келуіне мәжбүр етеміз. Артық қыламыз деп, тыртық қылатынымыз осындайда болар?

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz