2012 жылы елімізде «Білім» телеарнасы ашылады. Бұл мектеп бағдарламасымен сабақтастырылып жасалған дүние болмақ. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге арналған жаңа танымдық тағылымдық тартулар да алдағы уақытта қолға алынады. Бұл туралы облыс көлемінде елбасының Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында құрылған республикалық ақпараттық-насихаттықтоп өкілдері елге жеткізді.
Сонымен қатар, ауылды жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруда қарқынды жүзеге асатын болады. Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы Асқар Бейсенбаев осылай деді.