Жаңалықтар 

Елбасы «Діни бірлестіктер мен дін қызметі » туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді

Бүгін Мемлекет басшысы Шымкент қаласының көне көшінде салынған «Тәуелсіздік» саябағымен танысты. Мемлекеттік нысанды аралау барысында Елбасы ұлт бірлестіктерінің белсенділерімен кездесіп, ардагер қариялармен қауышты.
Тәуелсіздік атауына ие болған демалыс аймағының құрылысына 680 млн. теңге жұмсалған. Оның ішіндегі 373 млні жергілікті бюджеттен бөлінсе, қалған қаражатты жеке кәспкерлер толықтырған. Бүгін елбасы осынау сәулетті саябаққа арнайы келіп,жұртшылықпен кездесті. Сөйтіп тәуелсіздіктен кейінгі тарихи кезеңдерді бейнелейтін ескерткіштерге ерекше баға берді.

Көне шаһардың көшінен орын тепкен «Тәуелсіздік алаңында» кешенде композициялық монументтер бой көтерген. Ордабасы алаңындағы «Жер ана» сәулеттік ескерткіштен бастап, әр бір қадамға қаланған тарихи маңызы сәулет монументтері елдің қалыптасу кезеңінен тілсіз сайрап тұр. Аумағы 8,5 гды құрайтын саябақ орталығындағы «Ел бірлігі» монументі мәртебе нышанына айналыпты. 137 уықпен тірелген шаңырақ тік тіреуге тұтастай тарихи мән беріп тұр. Қазақ жеріне тамыр таратқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі бейнеленген гранит тұғырдың биіктігі 137 метр. Ал саябақ алеясын бойлаған тас тақтайшаларға еңсені көтергелі қабылданған қаулылар мен заңдар жазылған.

Сонымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтерген комлексті мәдени орталықтағы «Жер-Ана» «Алтын көпір» «Ел бірлігі» монументтерімен «Рәміздер» алаңы болашақта қала халқына тарих қатпарларынан сыр шертпек. Демалыс аймағына бүгінде мыңдаған гүлдер мен тал отырғызылған. Саябақтың дендро бөлігіне алғаш табан тіреген Елбасы да ағаш отырғызып, тарихи қолтаңбасын қалдырды.

Содан кейін мемлекет басшысы шымшаһардағы бірлікті тату еткен этномәдени бірлестіктерінің белсенділерімен бас қосып, пікір алмасты. Сондай ақ жақында халық қалаулылары қабылдаған «Діни бірлестіктер мен дін қызмет » туралы заңға күні кеше қол қойып бекіткенін мәлімдеді

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Елбасы «Діни бірлестіктер мен дін қызметі » туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Елбасынын Шымкентке сапары кутты болсын

wpDiscuz