//
Жаңалықтар 

Кәсіпкерліктің тегін жедел курстары барлық ауданда өтті

Кәсіпкерлікті дамытамын, жеке ісімді ашамын деген кез-келген адамның енді өз ісін дөңгелетуіне мүмкіндік бар. “Бизнес кеңесші” бағдарламасы аясында ОҚО бойынша кәсіпкерліктің жедел курстары өтті. 10 күн бойы ұйымдастырылған оқу бағдарламасы барлық ауданды қамтыды. Экономист, заңгер лекторлар еңбек нарығында жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға кәсіпкерлік жөнінен дәріс оқыды.

Бұл шығын- 10 адамнан құралған Балғабекова Ақмаралдың отбасыныңкі. Өзіндік шығындарды керекті табыспен салыстыру қаржыландырудың жоспары болып табылады. 10 баланың анасы Ақмарал самса жасап сатады. Үйде құрақ құрап, қыз жасауын түгендейді.Оның бүгінгі бизнес жоспары да осы шаруаға байланысты болды.

Оқыту бағдарламасының соңында бастамашы кәсіпкерлер бизнес жоспарын жасап, сынақ тапсырды. Енді олар 3 млрд теңгеге дейін белгілі жеңілдіктермен несие ала алады. Бұл шараны ұйымдастырушылар 2200 кәсіпкерді оқытуды жоспарлап отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz