Бұл күні Ж. Шанин атындағы қазақ драма театр залы кішкентай бүлдіршіндердің күлкісіне толды.
Премьера! «Кім ханшайымды сүйеді» атты ертегінің қойылымы әртістердің мектеп оқушыларына арнаған базарлығы болды. Бір сағаттық спектакль жамандық пен жақсылыққа құрылған. Ондағы аңғал Иванушка мен қарсыластары — күшіне сенген Николай, айдаһар және ханшайым Цареевна.
Қоюшы режиссердің айтуынша, спектакль ересек адамдарға да арналған. Барлық ертегіде кездесетіндей, осы қойылым арқылы балаларға соңында жақсылықтың жеңіп шығатынын көрсеткісі келіпті ол.
Ю.Кимнің ертегісі қиын-қыстау сәттерге де, ғажайыптарға да толы. Соңында білекті емес, білімді, күшіне емес, ақылына сенген Иванушки жеңіп шығады.