Жаңалықтар 

Кітап оқығыш әулеттер бар ма?

Шымкентте, 4-қараша күні А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Үздік оқитындар әулеті» атты облыстық байқау өткелі жатыр.
Бұл байқау негізі «Кітап және отбасы» атты IV аймақтық форумы аясында ұйымдастырылып отыр. Байқауға әрбір ауданнан бір ғана үміткерден қатыса алады. Яғни бұл додаға аудандық сайыстың жеңімпаздары атсалысады.
Сондай-ақ байқауға үміткер ретінде кітапхананың қызмет көрсету аймағында тұратын, отбасы мүшелерінің жасы мен санына тәуелсіз, кітапхананың оқырманы болып табылатын кез келген отбасылық әулеттері таңдалынып алынған. Алдағы уақытта олар «Ата өнері — балаға мұра», «Сәлем — сөздің анасы», «Әулеттің таңғажайып кітабы», «Халқын сүйген салтын сүйер», «Дарындылар әулеті», «Әулеттің оқырмандық өтілі» аталымдары бойынша сынға түседі.
Байқаудың мақсаты әдеби кітаптарды оқуға оқырманды тарту болып отыр. Айта кету керек, бұл орайда «әулет болып оқитын кітап бар ма?» деген сауалдын туындайтыны сөзсіз.
Кітапханашылар бұл сұраққа жауап ретінде

«Бір ел бір кітап» акциясы аясында Ж.Аймауытовтың «Ақбілегін», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасын», Мұқтар Мағауинның «Жармағын», Төлен Әбдіктің «Парасат майданын» оқуға кеңес береді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz