Оқыс оқиға 

Коммуникациялық шұқырға 6 жасар бала түсіп кетті

Ойнап жүріп от басқандар. Самал шағынауданында оқыс оқиға орын алды. Коммуникациялық шұқырға 6 жасар бала түсіп кетті. Бұл шұқырдың электр желілерін тарту үшін қазып кеткені анықталды. Оқиға орнында құтқарушылардың көмегі керек болды. Шағынаудандағы көшелердің бірінде балалар тығылмақ ойнап жүрген болатын. Электр беруші желілерге арналған шұңқырға 6 жасар бала түсіп кетті. Сөйтіп, диаметрі 30-40 сантиметрлік шұқырға қысылып қалған.

Мамыр Кудайбергенов
112-ге телефон жексенбі күні таңғы сағат 11-де соғылды. Оқиға орнына келгенімізде баланың аяғы қысылып қалғанын анықтадық.

Оқиға орнына құтқарушылардан өзге жедел-жәрдем қызметінің дәрігерлері де келген. Жас бала жүйкелік күйзеліске ұшырағандықтан, ақ халаттылар тынышталдыратын дәрі берді. Бір жарым сағатқа созылған құтқару шарасы нәтижесінде зардап шегуші шұқырдан шығарылды.

Құтқарып алған соң, баланы дәрігерлер қарады. Қазір жағдайы жақсы. Ал электр желісі өтетін шұқырдың тереңдігі біржарым метр болатын.

Әрине, кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Алайда, терең шұңқырларды да арнайы белгісіз қалдыру жөн емес. Электр таратушылар мұны ескермеген.

Related posts

Пікір қалдыру

2 пікір - "Коммуникациялық шұқырға 6 жасар бала түсіп кетті"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Биздин калада шукурдан болек ор казылып, окоптар калашыгына айналганы кашан

балаларымыз бакытымыз, байлыгымыз деймиз. Сол байлыгыныз абайсызда айып болып калса тірі журудін де кереги жок шыгар. Улкендердин жауапсыздыгы солардын жас омирир кыршын кимаса болганы деп тагы да казактыкка саламыз.
Дал осы электр желілерімен жумыс жасайтын азаматтарыдын кесірінен осы екі жыл бурын 4 жасар балакай мерт болса, былтыр Туркестандык балакай еки колынан айрылып, жастайынан мугедек атанды.

wpDiscuz