Жаңалықтар 

Made in Shimkent. Шымкентте жасалған шегелер сауда айналымында

Қарапайым құрылыстық шеге, майда зат болғанымен онсыз үйдің іргетасын қалауға ,қабырғаларын көтеріп, төбесін жаба алмайсыз. Шегесіз құрылыс тоқтап та қалады, алайда бұлай енді болмайды, өйткені қаламызда шеге шығарылады.
Бұрын ресей мен қытайдан сатып алынса, енді Шымкентте металл өндіріс іске қосылғаннан бері жергілікті өнімге сұраныс жоғары. Феррум- Втор кәсіпорны шығаратын өнімдердің ассортиментін артырды.

Мына станокта сым тартылады.Механизмнің күрделіксіз жұмыс істеуі ұстаның шеберлігіне тікелей байланысты. Оның әрбір қиымылы шегенің сапалы шығуына бағытталған.

Дайын шегелер тапсырыс берушілердің өтініші бойынша қағаз қорапшаларға, темір бөшкелер мен ағаш жәшіктерге жиналады. Тағы бір қажетті құрылыс заттарының түрі ғимараттар , су қоймаларындағы бөгет пен күре жолдарды салғанда таптырмайтын өнім- метал торлары. Бұл технологиялық процесте автоматтандырылған. Келешекте мырышталған және шиферлі шегелер шығарамыз.Және де өндірісті кеңейтеміз. Келер жылы сым тарту ,шеге және тор дайындау желісін іске қосуды жоспарлаудамыз.

Енді шеге, тор не сым қажет болған жағдайда ұзаққа бармай-ақ Шымкенттен табасыз. Өзіміздің отандық өнім сапасы ғана емес бағасымен де өзге шетелдік тауарлармен бәсекелесе алады.

Related posts