//
Жаңалықтар 

Дәрігерлер жұмыстан кетіп жатыр

Облыстық «Ана мен бала» орталығында ВИЧ індетін жұқтырған балалар ем қабылдайды. Онсыз да қыл үстінде жүріп, қатерлі дертпен күнде бетпе-бет келетін дәрігерлер мекемедегі толассыз тексеруден шаршағанын айтады. «Аты жаман ауруды жазам деп жүргенде, тексерудің жазатайым құрбаны боламыз ба» деп уайымдаған ақ хаттылар жұмыстан кетуде ұйғарыпты.

Қазір бас дәрігердің алдында осындай жиырма арыз жатыр. Оның 17-сі жоғары білікті дәрігерлер. Яғни, бас дәрігердің орынбасарынан бастап қатардағы емдеуші дәрігерлер. Орталық басшысының айтуынша «олар ВИЧ індетін жұқтырған науқастармен жұмыс тәжірибесі бар өңірдегі санаулы мамандар». Ал мекемеге келген тексерулер өрескел кемшіліктерді таппаған.

Кіші мед персолан тарапынан болмашы кемшіліктер анықталады. Бұл өмір ғой. Барлық адам қателеседі. Ондай мәселені мекеме ішінде шешуге болса да ата-аналар бірден арыз жазуға көшеді. Ата-аналардың жағдайын да түсінуге болады. Перзентінің қандай дертке шалдыққанан ешкімге айта алмай, іштен тынып жүргендері де бар. Ашуын осы орталықтың дәрігерлерінен алады.

«Балаларды СПИД тен қорғау» қорының да «Ана мен бала» орталығына деген сұрағы қордаланып қалыпты. Дәрігерлердің жұмысына қанағаттанбаған ата-аналар осы қорға да арызданады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz