Нан жемеген бала ақылды болады. Бұл Қазақ тағамтану академиясының ашқан жаңалығы. Алматыда бір мектепте биылғы оқу жылынан бастап асханаларының мәзірін өзгертіп, нанды мүлдем алып тастапты- деп хабарлайды «Жаңалықтар фабрикасы» интернет порталы. Осылайша мектеп оқушылары тегін берілетін ботқааларын нансыз жеуде. Мәзірден ас атасы сызылып тасталған. Ал бұл мәселеге оқушылар түсінбей дал болса, ата-аналар мұны оқушылардың өз еркіне беру керек деп санайды. Өйткені тоқшылық заманда бір үзім нанға зар болуды дұрысқа санамайды олар. Оқушыларға биылғы ас мәзірін реттеп берген Тағамтану академиясының өкілдері.
Медицина ғылымдарының докторы Мұса Айтжановтың айтуынша, зерттеу барысында 7-10 жас аралығындағы балалардың асқазаны нанды ұзақ қорытатынын анықтапты. Сонымен нанға тойып алған бала бірден маужырап, қалғи бастайды дейді зерттеуші. Сондықтан жапондық тәжірибені қолданып, рациондағы ас атасын балық еті мен сүтке алмастырыпты. Осылайша Қазақ тағамтану академиясы арқасында балалар күнделікті берілуі тиіс екі тілім нандарынан қағылды. Ата-аналар күнде бір бөлке арқалатып жібермесек балаларымыз тоқжарау жүр деп лажсыз күледі, — деп жазады интернет портал.