Орыс драма театрына жер учаскесі бөлінетін болды. Бұл туралы Шымкенттің жер қатынастары бөлімінде айтылды. Өнер ұжымына жер қайдан бөлінді және қашан пайдалануға берілмегі әзірге белгісіз. Ал шенеуніктер оларға 3 түрлі нұсқаны қарастыруда.
Талғат Ысқақов, Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Бізге қалалық құрылыс бөлімі таңдауға 3 орынды ұсынды. Оның бірі Қонаев көшесіндегі 0,6 соттық жер. Аймақ бос емес. Бірақ олар бұдан бас тартты. Өйткені учаскі өте кішкентай. Ал екінші таңдау2,2 гектаржерді алып жатқан Рысқұлов көшесінде. Ол да жеке адамның меншігінде, үшіншісі Нұрсатта. Біз жерді мемлекеттік меншікке алдық және оған қатысты ешқандай проблемалар жоқ. 1 гектарга дейінгі жерге орыс драма театры ие болмақ.
Бірақ театрлықтардың Нұрсатқа баруға құлқы жоқ. Өйткені, дәл сол учаскеге қатысты олардың айтар бірнеше қарсы пікірлері бар.
Наталья Шевченко, орыс драма театрының директоры Бізге бірнеше жерді ұсынды. Бірақ Нұрсат біздің көңлімізден шықпайды. Біріншіден, ол алыс. Орталыққа айналады дейді, бірақ қашан?
Ал Рысқұлов көшесіндегі участкеге қатысты әкімшіліктегілердің еш қарсылығы жоқ. Онда аймақ үлкен және коммуникация тұрғысынан да қиындықтар кездеспейді. Алайда оны шешеу мәселесі үзаққа созылуы мүмкін.
Талғат Ысқақов, Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы: Осы жерді алуға тоқталса, оған келісу үшін 3 ай кетеді. Содан біздің бағалаушылар жер иесіне белгілі мөлшердегі бағана ұсынады. Баға қожайынның көңілінен шықпаса, біз сотқа жүгінетін боламыз. Өйткені жоспарлау бойынша біз қалап отырған жер әлеуметтік нысан үшін лайықты бағаға бағаланып отыр. Сондықтан бұл процес 3-5 айға дейін созылып кетуі мүмкін
Жер қатынастар бөлімінің мамандары театр әртістерінің пікірімен де санасамыз деп уәде берді. Алайда жерді кім таңдайтыны белгісіз. Өйткені, тапсырыс берушілер мен өтініш жазушылар не театр ұжымы, не мәдениет басқармасы болады.