Шымқаланың туған күні қарсаңында өзге де шаралар ұйымдастырылуда. Қаламызда палау асын үздік дайындайын аспаздар байқауы ұйымдастырылды. Өзбек мәдени орталығы ұйытқы болған шараға кәсіби және әуесқой 14 үміткер шеберлігін байқатты. Диана тойханасы палау жасаушыларға жағдай жасады. Ал аспаздардың шеберлігін білікті қазылар алқасы яғни палау асын кәсіби дайындайтындар бағалап, үздіктерге арнайы сыйлықтар да әзірленді.
Тәуелсіздгіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған шара желтоқсан айының 15-16-сына тағы ұйымдастырылуы мүмкін. Өйткені қаламызда алғаш рет өткен аспаздар байқауына қатысуға ниеттенгендер аса көп болыпты.
Мұндай қызықты жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса дейді аталған байқауға қатысқан үміткерлер. Өйткені, өз аспаздық өнеріңді көрсетуге бұл үлкен мүмкіндік дейді олар.